данышпан қарға


Гео и язык канала: не указан, не указан
Категория: не указана


уикипедияға ұқсайтын бала

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
не указан, не указан
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: Mak
Ғаламтордағы табиғат: ⛰✨🌿🌼🌈🕊🌳🦋
Нағыз табиғат: 🔪🩸🧪🧛‍♀☠️🦟🦠


Ностальгиясына ностальгия-ау, бірақ осы түрік пен кәрістің (кейіннен филиппин) сериалдары - ақпараттық мусор ғой құрыған.

Биліктегілердің қазақ тіліне қолдау білдіру, қолдау білдірмек түгілі стимул беру ойында да болмағаны осы кезден-ақ мәлім болған. Бүгін қазақтілді қоғам өз жарасын өзі жалап емдеп, аяққа тұра бастаған кезде "ана тілімізді көркейтейік, мү-мү-мү" деп шыға келді. Екіжүзді хайуандар.

Қазақ тілі ақпараттық кеңістігін осы кезде түгел жеңіліп үлгерді. Прям полнейший разгром. Орыс тілінің аударма машинасына, ақпарат тасу құдіретіне ілесе алмадық, содан солтүстік жағымыз орыс тіліне қарай ауып кетті деп жылағанмен, оңтүстік өңірлерде де өзбек тілі есікті теуіп кіріп жатты, кез-келген ақпараттық ортаға. Былай бәсекелестік те болған емес, келді де төрге жайғаса қойды: Титаникті, Марвел мен ДС өнімдерін, футбол матчтарын түгелімен я орыс я өзбек тілінде көрді қазақтар.

Түсіну үшін: Екі көршінің арналарында интеллектуалдық ойындар ("что? где? когда?" сияқты) мен әлемге ықпал еткен "Интерстеллар" сияқты сапалы өнімдерді ұсынып жатқан кезде, біздің малдар оңтүстік-шығыс Азия елдерінің арзан сериалдарын пиндуодуадан алғандай етіп тықпалап жатты. "Үнемдеген" ақшасын жеген шығар (стопудово жеген ғо).

Все бы ничего, топас болсақ топас боп жүре берер едік. Бірақ 10-15 жыл өтіп ес жиғанда, қандай мүмкіндікті құр жібергенімізді түсініп қалдық та.

сөз соңында билік өкілдеріне бағытталған дәстүрлі қарғау мен боқтық сөздеріңізді аямасаңыздар екен деген жлемана тілегім бар


"Менде де сондай болады" деп жұбатпайсыңдар ма, тым құрыса 🥲


#justdepression

Бір танысымның жақыны қайтыс болып еді жақында. Сол кісімен бүгін жолыққанда бұндай жағдайда айтатын стандарт сөздерді айта алмадым (иманды болсын, қайырлы болсын т.с.с). Байқасам, бұрын да солай болған екем. Сыныптасымның әкесі, әріптесімнің жұбайы қайтқанда да көңіл айтпаппын.

Бір қараниет мысықтілеу болғаннан емес, жай, шықпайды аузымнан осындай жылы/жұбату сөздер. Сондай-ақ: рақмет, асың дәмді болсын, ниетің қабыл болсын, тіпті жақсы көрем деген сияқты сөздер де. Хз неден екенін, дым қолымнан келмей қойды. Мінезімнен деп ақтап алғым келмейді бұл жолы.

Хз, в общем, ребята, мне хреново. И пишу это в отчаянии, может потом удалю нафиг

544 0 3 19 20

#qazaqdepression

Өткен жолы Челси Қазақстанға келгенде СММ-дері инстаграмға Алматының фотоларын салған ғой. Ең көріксіз емес, орташа көп адамдар жүретін. Еш фильтрсіз, еш жалған иллюзиясыз.

Соған комменттерде қазақтар жляватыр "Как же вы могли нашу Алматушечку так снимать, у нас так много красивых мест 😭" деп

Айналайын көкелер, олар анау айтқан нашар жерлерді түсірмеген. Күніге сендер көріп жүрген көше мен тыныс алып жүрген ауа. Кешіріңдер, лондондықтарға қазақтардың понтына поқуй екен. Осы жерде қалып өмір сүретін сендер емес пе?

Сырттан біреу келгенде ғана бақытты ғұмыр кешіп жатқан түр көрсетуге өздерің ұялсаңдар қайтед? Нашар дамыған ел ғой Қазақстан деген. Мойындайық та осыны.

«Қоғам шындықтан алыстаған сайын, оны айтқандарды жек көре бастайды», (с) Оруэлл


Ауғанстан, 2024 жыл

(с) Facebook, Александр Цой


Әлем халықтары ойлап тапқан ең үздік марапат мен үшін Нобель емес, «Дарвин марапаты».

Darwin Awards - әулие Дарвин әкейдің рухына бағышталған марапат яки эволюция барысында топастар мен өмір сүруге жарамсыз түрлердің қырылуына көмектескендерге арналған антипремия.

Жүлде ең топас өліммен өлген не болмаса топастығының кесірінен ұрпақ қалдыру мүмкіндігінен айырылған (осылайша өміршең емес түрлердің жойылуына септігін тигізіп, адамзат прогресін шектемеген) адамдарға беріледі.

Бір жолы тоқ жүріп тұрған жерге шеге қағып, сым темір орамақшы болғанымда Талапбек көкем мені осы марапаттан жұрдай қалдырған. Бірақ өмір алда. Мен берілмеймін.

Жамағат, бәрін тастап Дарвин жүлдесіне ұмтылайық. Өткен ғасырдың басындағы адамдар 2000 жылдан соң ұшатын машиналар пайда болады деп болжаған, ал біз әлі Кобальтпен жүрміз.
Сірә, Дарвин жүлдесі әлі де көбірек таратыла түсуі керек болар!

457 0 1 31 13

Өз-өзіңе қол жұмсардай болсаң, қандай өлімді таңдар ең?


#кенеттен

Кенеттен жұмыстағы әйелдер мен таныс қыздардың менструация/овуляция периодтары белгіленген күнтізбесі болса ғой деп ойлап қалдым.

Қай кезде көтті қысып жүру керек және қай кезде жылы сөзге алданбау үшін.

Жизнь без хлама. Практичность превыше всего


Адамдар өзгереді. Иә, біздің әлемде осындай бір гипноз бар.
Сен өз қоғамыңда өз қоршаған ортаңның қабылдаған заңдарымен артық проблемаларсыз, алаңсыз өмір сүріп жүресің. Өз көзқарастарыңа өте сенімдісің, әлем дәл сенің ойыңдағыдай заңдылықтармен қозғалатыныңа күмәнсіз қарайсың.
Бірақ бір күні саған біреу өте бөгде сұрақ қояды я болмаса өзіңе бейтаныс жаңа бір кітапты оқисың, және, бум, гипноздан оянасың.

Жаңа ойлар, жаңа идеялардың бәрі адамдарды сондай бір утопияға я антиутопияға итермелеп апарады.

Сонда, кейде, тіпті адамның өзі оған семья, әйел, бала-шаға деген нәрселердің не үшін керек екенін өзі де түсінбейді. Неге ол олай өмір сүруі керек? Бәрі үйленіп бала-шағалы болған соң, ол да солай болу керек деген бейсаналы тұжырымға келгеннен бе? Жалпы, бұл – адамның өз мүмкіндіктері мен потенциалын дұрыс бағаламау/сезінбеу. Сезінбегендіктен де, тиісінше, ол бейсаналы түрде сол қоғам қайда қарай ағып бара жатса, ол да сол ағыспен бірге ілесіп ағып бара жатыр.

Бірақ адам жарты ғасыр гипнозда өмір сүріп келіп, кейін оянса, қандай да бір анархия я қылмыс орнайды. Сол үшін өз орныңды мейлі он жыл, мейлі жиырма жыл болсын іздеуден, әлемнің/табиғаттың заңдылықтарын зерттеуден шаршамау керек, өз-өзіңді ең қиын сәттерде де жақсы көруді ұмытпау қажет.

(с) @lebirgi


«Адам нені қаласа, Құдай соны тағдыр етпекші»

(с) Міржақып

2.9k 1 49 11 30

Осы түріктерде ғана, иә, жылауды - ерге тән мінез ретінде көрсететіні? Дым комплексі жоқ, иә, солардың? Ерліктің символы ретінде көрсетеді керісінше


Ұлы мәртебелі қожайын, бұйырыңыз, бұл ұлы халықты тағы қалай тұқыртсақ екен?🧎🧎🧎

864 0 2 10 18

не көрсетсе ТВ алдына қайта оралар ең?

мені, мысалы, ТОП-5 чемпионаты мен ЧЛ ойындарын тұрақты көрсететін арна өзіне тарта алар еді


Қазақстандықтарды ұлты мен тілінен бөлек ортақ ностальгиясы да біріктіреді. Бейнеулік қазақ пен мақтааралдық қазақтың арасында әңгіме таусылғанда, олар Жумоң мен Денизді сөз етуіне болады мысалы. Ал жітіқаралық қазақ пен жетісайлық қазақтың ностальгиялары сәйкес боп шығуы неғайбыл. (Маған салса, ортақ ностальгияларға қарап азаматтықты белгілер ем десең, қққ). Әрі өткен шақ - ең күшті кезең болғандықтан ол туралы әңгіме бастау екі есе жағымды. Ал ондай ортақ ностальгияны сыйлайтын нәрсе - БАҚ, біздің жағдайымызда ТВ.

Сол енді, қалай ойлайсыңдар, Қазақстан азаматтарын тағы да ТВ алдына қайтаруға мүмкіндік бар ма? Ғылыми сараптамалар, музыка, саяси дебаттар, сериал дубляжы мен фильм премьераларын бірден көрсететін тәуелсіз арналар пайда болса, а? Автократия тұсында қиындау әрине, бірақ жағдайымыз жақсарып бара жатса дегенім ғой. Қазақстандық азаматты тәрбиелеуге осыдан артық не инструктаж керек?


Путин тағы келеді дейді Астанаға

Арамыздан бір Гаврило Принцип шықпағаны ма, уа, қазағым? ((


Өйткені ешкім сенің қиялыңдай идеал емес


Репост из: Дyбинин
🗺 Одна из моих любимых карт - Европа 1444 года 😵‍💫Глаза разбегаются от разнообразия.


Жылда 16 желтоқсанда қара жамылуымыз керек дейтіндер тым әсіре сияқты көрінбей ме сендерге? Иә, трагедия. Бірақ ел тарихында одан да қаралы күндер болды ғой.

Иә, Тәуелсіздік күні. Бірақ дым еңбек сіңбеген тәуелсіздік болғасын, осындай енжар көңіл қабылдау түсінікті де сияқты.

Басқа елдер Тәуелсіздік күнін қалай тойлайды өзі?

955 1 2 11 15

"О, дариға, үміт тәтті шүбәдан" (с) Байрон

Саналы өмірінің басым бөлігін жалғыз сүрген адам жалғыздыққа әрі қарай да тәуелді бола бермек. Мизам-шуақта жаяу қыдырғанда, Ай толғанда аспанға тамсанып отырғанда осы керемет сәттерді бөлісетін жақын адам болса ғой деп қиялдайсың да, әлдебіреу пайда болған сәтте өзіңді ешқашан жалғыз қалғандағыдай жақсы сезінбейтініңді түсінесің. Жалғыздық - өмір салтыңнан әрі асып, айналаңа жаңа әлем құрып бере бастайды (әрине, ол әлемге басқа біреудің кіргенін ұнатпайсың).

Ең қорқыныштысы өзіңнің сондай адамға айналғаның емес. Тура сондай адамға ғашық болып қалғанда: сен үшін ақырзаман сол кезде келмек.

Показано 20 последних публикаций.