~KanatYertargyn


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa: ko‘rsatilmagan


بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَـٰنِ ٱلرَّحِيمِ
Аллахтан жазғанымызға, көргенімізге, естігенімізге амал ететіндей иман сұраймын. Пайдалы болып жатса, қолдай түсіңіз!

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa
ko‘rsatilmagan
Statistika
Postlar filtri


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Өскелең ұрпаққа білімнің қадірін түсіндіре білу үшін, өзіміздің одан хабарымыз болуы қажет.

Тіл - дүние есіктерінің кілті.


Кеше Қазақстаннан келген қонақтарды Түркияның атақты тәтті сататын “Hafız Mustafa Paşa” есімді дүкендер желісіне алып бардым. Пұлы керемет, сейкесінше сервис те жоғарғы деңгейде. Тәттілерін алды, суретке түсті, өз жұмысының мамандары, барлығы мәз мейрам.

Шыға салып сол тарапымызда екінші бір дүкеншені көзіміз шалып қалды, уақытымыз жеткілікті дей келе кіре жөнелдік. Мен де өзімнің іздеп жүрген мыс пен қоладан жасалатын, қол жұмысының көрнекті үлгісі Түрік кофе ыдыстарын алуға ниеттендім. Алғашында сатушы 380 лира деген болатын, 350-ге түсті. Ал мен 300 лираға алғым келген, өйткені басқа жерде арзанырақ табуға болады. Сөйтіп менің айтқан бағама берсе алатынымды, келіспесе тарқайтынымызды жеткіздім.

Шығып бара жатқанымда, оның сырттан жол көрсетуін сұраған басқа бір кісімен арабша сөйлеп жатқанын естіп қалдым. Онымен сұхбатын тәмәмдағанын күтіп, мен де таныса кеттім. Сириялық бауырымыз арабшама риза болғанын білдіріп, бірден 300 лираға беретінін айтты.

“Адаммен ол түсінетін тілде сөйлесең миының түкпіріне жетесің, оның ана тілінде сөйлессең жүрек төрінен орын аласың”.


Әр - нәрсенің тек жақсы тарапын іздеу, таба білу, өмірді сондай жеңілдетті.

Адамның жүрегі неге толы болса, уысынан сол шығады…


Ал бисмиЛляһ деп Түркия еліне іс сапармен аттанудамыз.

Шамамен 2 ай көлемінде ТМД елдерінен келетін медицина студенттеріне координаторлық қызмет атқаратын боламын.

Бұйырса инстаграм парақшамызда барша жаңалықтармен толғырақ бөлісетін боламыз.

Қызық болайын деп тұр…🙂


Tabigat Kautay dan repost
Каждый женится на той, или выйдет замуж за того с кем должны пройти испытание. И это случится несмотря на все старания избежать проблем и ошибок... 

Всевышнего не победить, не обхитрить и не обойти Его экзамен... 

И умный ошибется, и красивую разлюбят, и богатого бросят, и верующего постигнет боль, и общительный будет искать одиночества, и веселый загрустит, и молодой энергичный потеряет вкус жизни и перестанет жить и дышать полной грудью...

Каждый будет испытан вопреки тому что у него есть. Будут моменты когда ни таланты ни навыки и умения и даже самые лучшие знания и богатства не помогут решить проблемы. Вкус бесполезности испытает каждый. 

И в такие моменты решиться кто где и у кого будет искать помощи...

Все это все ради того, чтобы выявить, кто что прячет в своей груди... Кто на кого уповает и верит... 

Мы искренние и настоящие лишь в моменты отчаяния...

Кто-то подлый, когда отчаянный, а кто-то благородный...


3 күнде қолдорбамды көтеріп 2 айлық Түркияға жұмыс сапарымен аттанамын. Ол жайлы интсаграмда бөлісетін боламыз, ал әзірше бүгінгі құптан намазынан кейін бауырлармен өрбіген шай үстіндегі әңгімеден үзінді болсын.

Алматы шаһарындағы өзімнің сүйікті Қонаев атындағы мешітім. Тұрғылықты орным бірқалыпты болмағаннан жамағатымен таныс емеспін, тек бүгін таныс адамдармен жүздесіп қалдық. Әңгімеміз жарасатын аға - бауырлар.

Жақсы отырыс болды. Жар таңдауға қатысты сүбелі сөздерін, кеңестерін айтуда. Бірақ, алдымен бұл жайлы менің ойымды сұрады. Мен де кім сұрайды деп күте жүрген адам секілді бірден төгіле кетіппін...

Қыздың көркемдігі бияздығында емес пе, қыздың ең әсемі асыл кітабымызда айтылып қойған, мен не қосайын ағалар, Алласын танығанына жетпейді ғой шіркін дей бердім. Екі нәрседе ұят болу керек: сөзінде және жүрісінде. Жігіттің төресін суреттерімен баурағысы келеді, ал оның салған суретін көріп керісінше қамығатынында шаруасы жоқ деп жалғай кеттім. Ойымдағындай бірін танимын деп мысалмен сөзімнің күшін арттырғым келді.

“Мінекей қараңызшы, әлеуметтік желілер арқылы ол туралы біраз нәрсе білуге болады, суреті жоқ болсада. Жазылған адамдарына мән берсеңіз адамның жан дүниесін түсінуге болады, парақшалардың барлығы тіл, саяхат, қаржы, ислам, даму төңірегінде. Бір еркек атаулы жоқ, себебі біледі ки өзі жақсы болса, Алла оған оны өзі - ақ нәсіп етеді. Қысқасы ағалар, көріп тұрғандарыңыздай, талғам жоғары.”

“Талғамың, талабың жақсы екен. Ойың да дұрыс, Алла қалағаныңа қауыштырсын” - деді. “Алланың маған лайық көргеніне шүкір етемін, бірақ талабымдағына лайықты бірі болу үшін күндегісін шарқ ұрып жүр емеспіз бе ағасы” - деп қайырдым.

Жә, жүректердегіні Білуші жақсырақ біледі.


Күнде болмаса да аптасына осы іспеттес хаттар келіп тұрады. Бір жағына мақтану болмасын, бір жағынан Алладан күткен сауабымды оның құлдарынан күтіп қалмайын деген тұжырымда жарияламайтынмын.

Бірақ бұл кері байланысқа кері лебіз жаза отырып, ҰБТ – ға дайындалып жүргендегі жақсы бір кісінің сөзі қосылғаннан кейін жариялауды жөн көрдім. Нағыз қазақ қызы, кербез, ұяң, қылықты еді. Көмескіленген, шарқ ұрған әрлі сөздер емес, расымен де сондай еді. Екеуіміз де мемлекеттік грантқа түсе алмай қалғанымызда бір – біріміздің жанымызға жалау болып едік. Алла ол кісінің әр ісіне береке берсін.

Жалғасын күтсеңіздер не істеу керектігін білесіздер 😊


Мегаполисімізде өзіміз қатарлас жастардың қолдарында электронды тасбихтарды көре отырып, сүйсінемін. Бір қызық жағдай, не нәрсеге мән беріп ойлансам келесі күні сол бір нәрсе алдымнан шығады.

“ Türk Diyanet başkanlığı”* лекциясын тыңдап отырып Hayati İnanç – тың сұхбатына тап болдым. Осы бір зікір, истиғфар, салауаттарды айтудағы тасбихтардың рөлі жайында сөз қозғаған болатын. Келесідей оқиғаны баяндайды:

Қарапайым күндердің бірінде бір қыз етегіне балғын алмаларды жинап кетіп бара жатыр екен. Алдынан дервиш** шығып жөн сұрасып, алмаларды кімге алып бара жатқанын сұрайды. Шопан сүйіктіме деп нұсқайды, қыз. Сонда әлгі дервиш “қанша алма жинадың “ дегенінде, қыз таңқалып: “Адам сүйіктісіне беретінін санайды ма?” - дегенінде дервиш қолындағы тасбихын шағып жібереді. “Мен Алланы әрдайым еске аламын, бірақ санаймын” - деп тұра қалған.

Беріп жатып санамайтын, тіпті бергенін ойламайтын, керісінше бере алғанын өзіне құрмет санайтындардан қылсын.

“Сүйген жоқ болады, сүйілген мәңгі бақи қалады”, шекердің шайда ерігені іспеттес.

* ”Diyanet Başkanlığı” - Түркия Республикасының ҚМДБ – сы.
** Derviş (дервиш) - сопы


Расында садақаға алып жатқан адам емес, беріп жатқан адам мұқтаж. Себебі сауап мен мейірімділіктің есігі қашан жабылып қалатынын әсте білмейміз. Саналы кез – келген мұсылманның мақсаты Жаратушысына жақындай түсу. Соның таптырмас жолы – адам өзінің ұнататын, жанына жақын нәрсесінен садақа беру.
لَن تَنَالُواْ الْبِرَّ حَتَّى تُنفِقُواْ مِمَّا تُحِبُّونَ وَمَا تُنفِقُواْ مِن شَيْءٍ فَإِنَّ اللّهَ بِهِ عَلِيمٌ
«Жақсы көрген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар. Не жұмсасаңдар да Алла оны сөзсіз біліп тұрады» (4.Али Имран-92).

Жүрегімізге кіріп кеткен дүнияуи заттар баршылық, біріне материалды тұрғыда болса біріне рухани түрде. Оны қалай түсінеміз? Материалды – түсінікті. Қаншалықты көп берсек, соншалықты оның жүрекке жүргізетін үстемдігінің аздығы. Ал рухани садақа, барлық адаммен бірдей мәміледе болу. Әл – ауқатына, мансабына қарамастан бірдей қарым – қатынас жасау.

Студенттеріме де, бізден кішігірім болсын үлгі алатын адамдарға ылғи Абай атамыздың (Алла рақымына алсын) сөзін келтіруге тырысамын: Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ.

Дөрекілік ешбір ортаға сыймаған, жұмсақтық ешбірінен шықпаған.


🌝🌚


Дастан Құрманбаев dan repost
Құранда “Мүміндер” деген сүре бар. Соның алғашқы 10 аяты жайында Пайғамбарымыз (ﷺ): “Маған он аят түсірілді. Кімде-кім сол аяттарды жүзеге асырса жұмаққа кіреді”, — деп айтқан. (Ахмад)


Толассыз ағып жатқан ойлар.
Сонау бірде оқығаным қазір есіме жалт түсті. Оқыған сайын өзіңнің қандай надан екеніңді көресің. Расымен.

Мына кітапты оқи алмай дүниеден өтіп кетем - ау деп шарқ ұрған қаншама ғұлама. Бұны сезінуді де бір нығмет деп білемін.

Басқа адамдарға зиян беру біздің құлшылықтарымызға қаншалықты қауіпі зарары бар екенін білесіз бе?

Бір адам туралы жаман ойлағаны үшін, түнгі намазының ықыласынан 20 жыл бойы айырылып қалған Мухаммад ибн Сирин деген ғалымды білетін шығармыз!

Енді ойлап қараңыз бір жаман ой ықыласымызға осыншама әсері болса, біреудің артынан ғайбаттау,өсектеу, қолмен, тілмен зиян берудің құлшылықтарымыз бен руханиятымызға қаншалықты қауіпі бар екенін енді өзіңіз есепке сала беріңіз!

Ғибадатымызда ықыласымыз азайып бара жатса, тілімізбен, қолымызбен біреуге зияным тиіп кетпеді ма екен деген ой бірінші келуі керек!

"Сендерден есеп-қисап алынбай тұрып, өздеріңді есеп қисапта тартыңдар"

© Омар ибн ал Хаттаб (Алла оған разы болсын)


Кеше бірі кітап сыйлап марқайтса, бүгін осындай кітап топтамасын сыйлыққа алдым, жанында арабша жазылған хаты да бар екен, сірә арабша үйреніп жүрген бірінен болса керек.

п.с кітап таңдау талғамы жақсы екен


Кеше түнгі намаздан кейінгі Тарауих намазында керемет көрініске куә болған болатынмын. Бөліспеске болмады. Нағыз ағалық міндеттің қалай атқарылатынын көру бұйырыпты. 20 рака’ат намаздан кейін имамның көмейі жөнге, тілі икемге келмей жатқанда алдыңғы қатарлардан жас жігіт пен кішкентай інісінің бір – біріне жалтаңдап қарағанын көзім шалып қалды. Ол кішкентай батырдың онша рака’атты қит етпей шыдап бергенін қоя беріңіз, жүзінде күлкі, ағасының жасағанын қайталап қолын жаюда. Жымиып қала бердім.

Кейінірек ардақты Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадисі есіме түсті:

خَيْرُكُمْ خَيْرُكُمْ لأَهْلِهِ وَأَنَا خَيْرُكُمْ لأَهْلِي

Сендердің іштеріңдегі ең жақсыларың отбасыларыңа жақсы болғандарың және мен сендердің іштеріңдегі ең жақсысымын (отбасыма жақсы болғаныммен).

Әр – адамның мойнында жанындағы адамдар үшін міндеттері бар. Көшеде көркем мінезді, сабырлы, ақылды, мінсіз болуға асықпай, үйіміздегі әке – шешемізге, бауырларымызға ең үздік түрде қарым – қатынас жасайық. Себебі ең лайықты сол кісілер. Әйел, бала – шаға деп көпірмей – ақ қояйын, ол күйге әлі жетпедік.


Алаш қауымы ел арасында үгіт насихат жүргізіп, халықтың көзін ашып, сауаттылыққа шақырып жүргенде Базарбай тексіздің бұл жағдайды өз еншісіне қалай пайдаланғанын көрдік баршамыз.

Сол секілді қазіргі қоғамда небір топтар, небір индивидтар шығып жүр, шығады да. Олардан сақтану, жемсіз қармақтарына ілініп қалудан аулақ болу үшін баршамыз жаратылыстану, қоғамдық және формалдық ғылымдардан хабардар болуымыз қажет.

Бұдан бөлек діни білімімізге ықтиятты болуымыз, ғалым болмасақ та ең болмағанда жанымыздағы дос – бауырларымызға, отбасымызға төре бола алатындай ілімге мұқтаждығымыз бар. Неге мұқтаждық? Себебі, сол ілімнің болмағаны кесірінен қоғамымыз харман болуда. Мына дүниенің әсем пердемен көмескіленгеніне алданып, ақиқатты көрмей, адасып жүрмейік.

Біреудің айтқанына еріп сыртынан тон пішпейік, өзіміз ізденіп көз жеткізбегенімізше. Өмірдің заңдылығы. Соған бір мысал: Университет қабырғасында философия пәнін өтудеміз, алғашқыда бізге “не керегі бар” деп айтқанымыз рас, бірақ берері көп – ақ екенін кейін аңғардық. Есімде, бірінші дәрісінің өзінде студенттерді сауатты болуға, көрсеқызарлықтан сақтануға шақырған болатын. Келесідей сөзін де қойын дәптеріме түртіп алыппын:
“Кез – келген жерде ең ылдымен – білім өзін көрсетеді”

Адамның жақсы болуы тегінде емес, бәлки тәрбиесінде, ақылында, өнер-білімде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: Ата-анадан, Ұстазынан, Досынан (Құрбысынан). Әсіресе қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады деген Хакім Абай атамыз. Жанына қазіргі адамнан да әсері жоғары интернет желісін де қоссақ қателеспеген боламыз. Тағы да сол сүзгіш мәселесі.


Абылай Кенжалы dan repost
Әлеуметтік желідегі рамазанға ұлан-асыр дайындалып жатқандарды көріп: “Менің ешқандай да дайындығым жоқ екен” деп қынжылып қалма.

Қарапайым айларда күніне 100 салауат айтып жүрсең, рамазанда 200 салауат айт. Бұрын күніне 100 истиғфар айтып жүрсең, рамазанда күніне 150-200 айт.

Бұрын мүлде айтпайтын болсаң, осы рамазанда күніне 50-100 айтып бастауға болады.

Басқа айларда мүлде кітап бетін ашпайтын болсаң, осы берекелі айда күніге 2-3 бет оқып дағдылансаң болады.

Рамазан басқалармен жарысу үшін емес, рамазан – өз-өзіңмен мен жарысу үшін.

Рамазандағы басты қарсыласың олар емес, бәлки – сенің өзің.


"- түн.
тіршілік тоқтаған, айналаны үнсіздік басқан уақыт.
Кейбір адамдар тыныштық табу үшін ұйқыға кетсе, кейбір адамдар тыныштық табу үшін оянатын уақыт..."


Оқырмандарымның кітап талғамы керемет, қалғандарыңыз да өтіп бөліссеңіздер тамаша болушы еді.

Ең керемет топтама деп тапқаныма Арсен ұстаздың араб тілі алғашқы деңгей курсын сыйға беретін боламын🙂


Бүгін Түрік тілінен кітап аударуға ұсыныс түсті, алдында Араб тіліндегі кітаптарды аударуға да бір жақсылардан ұсыныс алған болатынмын. Бірақ оған әлі деңгейім жетпейді, оқитыным, үйренерім тым көп екенін білетінмін. Аударма жасасақ үздік түрде жасау керек емес пе? Бұл үлкен жауапкершілікті арқалай алмайтынымды білдіріп, жылы жапқан болатынбыз.

Ал мынау Түрік тілінің шығармасын қазақ тіліне аударуға болады. 2,5 жыл азды - көпті жинаған біліміміз бұл іске мүмкіндік беретін секілді.

Олардан бөлек аудармалар жасасам қолдайсыздар ма? Инстаграмнан сұрыпталып келген, дамуға, үйренуге ниет еткен алдымен сіздерге айтуды шештім.


Нағыз ақымақтық.

Тіл тілімен, алайда ол жетістікке жетудегі бір құрал ғана, асыл мақсатымыз білікті дәрігер болу. Бүгін бір отаға кірдім. Үйренетін нәрсе көп, шабыттана түстім. Бірақ бүгін бұл ота жайлы емес, 2 күн бұрыңғы болған ота жайында түйгенімді баяндаймын.

Кішігірім ота - трахеостомия. 1954 жылғы апамыз. Тыныс алу жолдары зақымдалған, тамағын(трахея) кесіп трубка тығу арқылы тыныс алуын жаңғыртамыз. Сөздің төркіні ол кісінің мойнының жоқтығы емес, мойын қан тамырларының 2 рет зақымдалғанында яки аурухана жағдайының мүшкілдігінде де емес. Азырақ асыра, азырақ асыға сөйлейтін халықпыз ғой, бірақ бұл жерде расыменде сондай. Мәселе ол кісінің моральдық жағдайында.

Жасарын жасаған, асарын асаған кісі. Тек бұл кісі емес, осы іспеттес қаншама адамдар ұмытылды, тасталды, назарға алынбады. Қазір ше? Қазір барлығы артта қалды, олардың сөзінің ешбір маңызы жоқ екенін түсінді, бірақ кеш. Сондықтан жасайтыныңызды жасаңыз, кім не десе о десін, “Ел не демейді, есек не жемейді”. Олардың сөзі сізді қайғыртпасын! Қолынан келмегендер сіздің де қолыңыздан келмейтінін айтып әлек болсын, сіз сабыр етіңіз және тоқтамаңыз. Қарапайым формула:
1. Аллаға тәуекел
2. Амал ету (бір күн жасалынған үлкен амалдан, көп күн жасалынған аздау амалдар хайырлырақ, себебі тұрақты)

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

52

obunachilar
Kanal statistikasi